Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда көрсеткіш сот ұйымдастырылды

Талдықорған қаласында көрсеткіш сот ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Талдықорған қалалық пробация қызметі сотталғандарға арнайы көрсеткіш сот ұйымдастырды.

Қалалық пробация есебінде тұратын сотталғандардың қатысуымен, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сот процессі ашық түрде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – пробация есебінде тұрған сотталғандарға, жаза өтеу тәртібін бұзу әрекеттерінің алдын алып, іс жүзінде зардаптарын көрсету.

Сотта қарастырылған, пробация бөлімінің ұсынысы қанағаттандырылып, жаза өтеу шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

– Көрсеткіш сот пробация есебінде тұрған сотталғандарға жаза өтеудегі міндеттерін бұзбауына үлгі болуы үшін ұйымдастырылған шара, – деп атап өтті пробация бөлімдеріне басшылық ету бөлімінің бастығы Жасұлан Оспан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру