Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер өрттің алдын алды

СҚО-да полицейлер өрттің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 сәуірге қараған түні Қызылжар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түскен. Ол жеке үйдің шатырының түтіндеп жатқандығы туралы хабарлаған. Кейіннен белгілі болғандай, әйел толқығаннан шұғыл қоңыраулардың нөмірлерін шатастырып алып, содан кейін ғана өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалған. Сонымен қатар оқиға орнына ПБ кезекші қызметкерлері — учаскелік инспектор Әсет Тоқтамыс және әкімшілік полиция қызметкері Жанболат Әділов жіберілді. Түтіндеудің себебі – шатырдағы үгінділер болды.

– Бақытымызға орай, түнде қатты жел болғанына қарамастан, от тұтанып үлгермеген. Өрт сөндірушілер бізден кейін бес минут өткен соң келді, осы уақытқа дейін біз өртті сөндіре алдық. Тұрғындар пешті түсте жаққанын айтты. Олар жел әкелген ұшқын қиындыққа алып келген деп санайды. Жеке үйлерде тұратын барлық адамдарға қырағы болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз, — дейді Жанболат Әділов. 

Өрт енді адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтініне көз жеткізген полиция қызметкерлері кезекшілікке оралды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру