Бөтеннің көлігінің автомагнитоласын иемденіп кеткен елордалық тұрғын қамауға алынды
Бөтеннің көлігінің автомагнитоласын иемденіп кеткен елордалық тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде автомагнитоланы ұрлауға қатысы бар 32 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта Жеңіс даңғылымен өтіп бара жатып, автотұрақ бойында ол Volkswagen Polo маркалы автокөлігін байқаған. Белгілі болғандай, ол автокөліктің құлпын ашу арқылы жасырын түрде автомагнитола мен кілттер жиынтығын ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті ұрлықтың алдын алу мақсатында көлік құралын күзет дабылы жүйесімен жабдықтауды, салонда құнды заттарды қалдырмауды, кетер алдында автокөліктің құлыпталғанына көз жеткізуді ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, елорда аумағында «Автомобиль» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. ЖААІШ аясында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әр учаскені барынша пысықтайды.