Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы қоғам өкілімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Қазақстан-Америка Еркін университетінің президенті Ережеп Мамбетказиевпен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында тараптардың бірлескен қызметінің басым бағыттары көрсетілген меморандум шеңберінде ынтымақтастықты жан-жақты дамыту мәселелері талқыланды. Ынтымақтастық құқық саласында тәжірибе және өзекті ақпарат алмасуға, оқу процесін жетілдіруге және әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталған.

Ерлан Омарбеков университеттің қосар үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді. 2024-2028 жылдарға арналған азаматтық қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдама жобасы қоғамның, ҮЕҰ-ның, тәуелсіз сарапшылардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың құқықтық тәртіп мәселелеріне белсенді қатысуын көздейді. Осылайша, тұжырымдамада «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келетін қоғамның сұраныстары ескерілген.

Өз кезегінде Ережеп Мамбетказиев ШҚО ПД бастығына екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін беретін кездесу үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру