Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысында ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғыннан көпқабатты үйдің кіребесінде тұрған велосипедтерін белгісіз біреудің ұрлап кеткені жайлы арыз түсті.

Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер «ізін суытпай» тәулік ішінде күдікті тұрғынның жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам түнгі уақытта кіреберістерде тұрған үш бірдей тұрғынның велосипедін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі – 120 мың теңге. Ер адамнан қолды болған велосипедтер айғақты зат ретінде тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған қылмыс бойынша күдікті ер адам қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру