Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бір дүкенге үш рет ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды

Астана қаласы ПД Есіл ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы қала тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында бойжеткеннің күндізгі уақытта Қабанбай батыр даңғылында орналасқан дүкенге клиент кейпінде келгені белгілі болды. Сатушылардың сауда залында жоқтығын пайдаланған бикеш, дүкен сөресінен балаларға арналған жөргектер мен кір жуатын ұнтақты алып, шығып кеткен. Аталған дүкеннен олжамен шыққан ол, араға бірнеше күн салып қайтадан ұқсас жолмен ұрлық жасаған. Бұл іс-әрекеті жазасыз қалады деген оймен, күдікті үшінші рет те аталған дүкенге келіп, үйреншікті тәсілімен тауарларды жасырын иемденіп кеткен. Бейнекамералар қыздың жасаған ұрлықтарын түсіріп алған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бикеш Астана қаласы ПД УҰИ-ға қамалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болуға және дүкендерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуге кеңес береді. Электрондық қорғау жүйелерінен басқа, тауардың сақталуын қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелерін орнату міндетті екендігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру