Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 22 жасөспірім анықталды

Жазғы демалыс қарсаңында СҚО ювеналды полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 3 күнде түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 22 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Білім беру саласының қызметкерлерімен бірлесіп, құқықтық тәртіп сақшылары түнгі уақытта рейдтер жүргізеді, жалдамалы пәтерлер мен коттедждерді, супермаркеттер мен ойын-сауық мекемелерін тексерді. Петропавл қаласының Интернациональная мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында полицейлер 17 жастағы үш қызды тоқтатты. Танысының үйінде отырып, олар ата-аналарына үйге таксимен оралуға уәде берген. Уәдесін орындамастан, олар сағат 23:00-ден кейін «серуендемек» болған. Олар бұл әрекеттерімен заң талаптарын бұзатындықтарын жақсы білген.

Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша хаттамалар жасалды. Ескерту берілді, егер ол қайтадан бұзылса, балалардың түнгі серуендеуі үшін айыппұл төлеуге тура келеді.

– Жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде осындай 22 факт анықталды. Сонымен қатар бір заңды өкілге жасөспірімнің ішімдік ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілік жүктелді. Заңдылықты бұзу кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыс жасау қаупін тудыратынын түсіну маңызды. Өскелең ұрпаққа бұл туралы түсінік беру үшін оқу жылының соңында ювеналды полиция қызметкерлері мектептер мен колледждердің оқушыларымен белсенді кездесулер өткізеді, заңнама талаптарын түсіндіреді, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтады. ЖПІШ кезінде облыстың оқу орындарында барлығы 300-ден астам осындай кездесу өткізілді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру