Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар ақмолалық тұрғынның атынан несие рәсімдеген

Алаяқтар ақмолалық тұрғынның атынан несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зеренді ауданының тұрғыны шағын несие ұйым алдындағы берешегі туралы бір жылдан кейін, өсімпұл және негізгі қарыз туралы хабарлама алған кезде ғана білген.

Полиция бөліміне 22 мамыр күні өтініш келіп түскен. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, өткен жылдың сәуір айында белгісіз тұлғалар оның атына «В займы» шағын несие ұйымында қарыз рәсімдегенін білген. Заңсыз әрекеттер мобильді қосымша арқылы жасалған, алайда, бұл қандай жағдайда болғанын ақмолалық түсіндіре алмады. Оның айтуынша, мобильді құрылғы әрқашан онымен бірге болған, ол оны жоғалтпаған және үшінші тұлғаларға бермеген.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Полицейлер өңірде осындай деректер апта сайын тіркелетінін атап өтті. Қарызды заңсыз рәсімдеу үшін күдіктілерге қандай да бір құжаттарсыз, ұялы телефоныңызды иемдену жеткілікті.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға, жеке мәліметтерді және ұялы телефонды үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру