Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ІІО ардагерлері қызмет бабында қаза тапқан полицейлерді еске алды

Павлодарда ІІО ардагерлері қызмет бабында қаза тапқан полицейлерді еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ генералдары мен құқық қорғау органдарының ардагерлері ішкі істер органдарының қаза тапқан қызметкерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды. Ішкі істер органдарының Қазақстан ардагерлер кеңесінің және Ұлттық ұланы ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Өмірзақ Болсамбеков атап өткендей, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан жас жігіттер өмірінің соңғы минутына дейін өз Отанына, халқына берген анттарына адал болды.

– Мемориалдарда батыр полицейлердің есімдерін мәңгі қалдыра отырып, біз үнемі оларды еске аламыз. Ұрпаққа, жастарға өмірде нағыз батырлар бар екеніне көздерін жеткіземіз. Қаза тапқандардың ерлік әрекеттері әрдайым осы қиын қызметті таңдаған жас қызметкерлер үшін жарқын үлгі болады, – дейді ардагер Өмірзақ Болсамбеков.

Бұл жиынға қатысушылар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, обелискке гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру