Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ерекше балаларды қуантты

Қызылордалық полицейлер 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше балаларды қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Бала қуанса, әлем қуанады» деген ниетті алға тартқан Қызылорда қалалық полиция басқармасының полицейлері кезекті игі іс-шараны ұйымдастырып, ерекше балаларды қуанышқа бөледі.​ 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы «түзету» мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекесінің ерекше балалары «Бала арманы» атты өздерінің тілектерін жазған болатын. Сол армандар кітапшасына (спорттық киім, құрастырмалы ойыншық, балдық көйлектер, спорттық аяқ киім, қыстық күртеше және сөмке) жазған.​ Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ерекше балалардың арман тілектерін орындап, балақайлардың жүзіне күлкі ұялатты. ​

Іс-шара барысында сыйлықтарды үлестіріп, өздерінің полицей екендіктерін жеткізіп, әлемде ешбір бала жыламасын деп тілек білдірді

– Құрметті балақайлар! Келе жатқан мерекелерің құтты болсын. Барлық армандарың орындалсын. Ең бастысы дендерің сау болып, ауырмаңдар! Біз сендердің тыныш ұйықтауларың үшін күні-түні қызмет етеміз! Қашанда қолдау, көмек көрсетуге дайынбыз!, – деді кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Мақсат Садыбеков.

Сондай-ақ мектеп-интернатының басшысы балаларды елеп-ескеріп келген полицейлерге ризашылықтарын айтты.

– Сіздер біздің балаларымызға айрықша көңіл-күй сыйладыңыздар! Демалыссыз атқаратын жұмыстарыңыздың арасында балаларға уақыт тауып отырсыздар. Шынын айтсақ, балалармен қатар, өзімізде қуанып тұрмыз. Біздің қорғаушыларымыз, қаламыздың тыныштығын күзететін сіздерге үлкен рақмет!, – деді мектеп-интернат директоры Ахметов Жамбыл.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру