Ақмолалық полицейлер 500 млн теңге сомасына заңсыз есепке қою деректерін анықтады
Ақмолалық полицейлер 500 млн теңге сомасына заңсыз есепке қою деректерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамыр айының ортасында Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден алып келінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою деректерін анықтады. Залал сомасы 500 млн теңгені құрады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 30 жастағы жігітті анықтады. Оның қатысы тексеріліп жатыр. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Полицейлер тексеруді жалғастырып жатыр.