Елордалық учаскелік инспекторлар аумақты аралау кезінде алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Елордалық учаскелік инспекторлар аумақты аралау кезінде алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты аралау барысында алаяқтықтың алдын-алуға бағытталған іс-шаралардың барлық түрлерін қолға алып жатыр.
Оның ішінде қарт адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.
Учаскелік полицейлер тұрғындарды аралап, олармен әңгімелесу кезінде алданудың құрбаны болмас үшін азаматтардың дұрыс әрекет ететін алгоритм жазылған жарнамалар беріп келеді.
Әкімшілік аумақты аралау нәтижелері, тұрғындар алаяқтардың мінез-құлық үлгілерінің көп түрінен бейхабар екенін көрсетеді. Кейде бейтаныс адамнан естіген ақпараттан мазасызданып, шатасып жатады. Күмәнді диалогқа түсіп, алаяқ қаскүнемнің нұсқауы бойынша барлық әрекеттерді жасап қояды.
Сондықтан да, полицейлер аумақты аралауда жеке, қазіргі кезде жиі кездесетін алаяқтық схемаларына және қаржылық қауіпсіздік ережелеріне ден қойып, тоқталады.