Атырауда есірткі сатқан өзге облыстың екі тұрғыны 7 және 10 жылға сотталды
Атырауда есірткі сатқан өзге облыстың екі тұрғыны 7 және 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2022 жылдың 13 желтоқсаны күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласы Көкарна ықшам ауданынан есірткі затын аса ірі көлемде сақтаған өзге облыстың 2002 ж.т және 2004 ж.т. тұрғындарын анықтаған болатын. Тексеру жұмыстары кезінде полимерлі пакеттегі 19 Ziplock психотроптық және әртүрлі түстегі 18 флакондағы есірткі заттары тәркіленді.
Медициналық экспертиза қорытындысы бойынша 59,2891 грамм болатын мефедрон және 339,0289 грамм болатын Альфа PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Осылайша аталған күдіктілер алдын ала сөз байласу және электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтау және өткізіп, тасымалдауды жүзеге асырған.
Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу әрекеті жүргізіліп, сот шешімімен 2002 ж.т. азамат 10 жылға, ал 2004 ж.т. азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.