Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да кадрлық тағайындаулар өтті

ШҚО ПД-да кадрлық тағайындаулар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД бастығының бұйрығымен қалалық және аудандық бөлімшелерден 18 кандидат жаңа лауазымдарға тағайындалды. Ерлан Омарбеков әрқайсысымен бейнеконференцбайланыс арқылы жеке әңгімелесіп, полиция қызметкерлерінің алдына бірқатар міндеттер қойды.

– Сіздердің әрқайсыларыңызға азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі. ІІМ жүйесінде тиімді жұмыс істеу үшін барлық білім мен күш-жігерлеріңізді жұмсаңыздар, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Сол күні ПД бастығы Гүлмира Дүйсекованы құрметті демалысқа шығуымен құттықтады.

– Ішкі істер органдарында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істедім. Қызметімді Семей қаласында патрульдік полиция батальонының полиция қызметкері болып бастағанмын. Басшылыққа қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді, ал әріптестеріме табандылық, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілеймін!, – деді Гулмира Маньярқызы.

ШҚО ПД бастығы ІІО қызметіне және жас тәртіп сақшыларын тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру