Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер қараусыз жүрген балалар үшін 312 ата-ананы жауапқа тартты

Алматылық полицейлер қараусыз жүрген балалар үшін 312  ата-ананы жауапқа тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар құқықтарының бұзылуына жол бермеу және олардың ата-аналарының қарауынсыз қалмауын қадағалау мақсатында "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шараласы өткізіледі.

- Аталған іс-шараның мақсаты - түнгі уақытта ата-аналарының қарауынсыз көңіл көтеру мен сауықтыру мекемелерінде және ойын клубтарында жүрген жасөспірімдерді әшкерелеп, сондай-ақ қоғамға жат әдеттерге балаларды итермелейтін және оларға алкоголь мен темекі өнімдерін сататын түлғаларды сонымен қатар, балаларын қараусыз қалдыратын ата-аналарды анықтап жауапкершілікке тарту болып табылады, - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Іс шара барысында түрлі құқық бұзған 376 жеткіншек оның ішінде 312 түнгі уақытта ІІО-ға жеткізіліп, қараусыз қалған 40 бала балаларды қорғау орталығына орналастырылды. Арнайы есепке 25 жасөспірім тіркеліп, бала тәрбиесінде өз міндеттерін орындамайтын 35 ата-ана анықталды.

- Ал түнгі уақытта ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің қарауынсыз көңіл көтеру орталықтарында жүрген балалар үшін 312 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескерте кететін бір жайт, кез-келген ата-ана өз балаларын қараусыз қалдырмау керек. Себебі балалар түрлі жағдайларға душар болып немесе құқық бұзушылыққа жол беруі мүмкін. Сондай-ақ жасөспірімдерге қатысты қылмыс жасалу қаупі бар. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды ұмытпаңыз, - деп қорытындылады Жанна Шонжанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру