Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрылыс нысанынан ұрлық жасаған елордалық азамат құрықталды

Құрылыс нысанынан ұрлық жасаған елордалық азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны арызбен жүгініп, белгісіз біреу құрылыс нысанынан құрылысқа арналған құралды ұрлап кеткенін айтқан.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 43 жастағы елордалықты анықтады.

Тергеу барысында ер адамның күндізгі уақытта Кенесары көшесінің бойындағы құрылыс нысанының жанынан өтіп бара жатып, онда ешкім жоқ екендігін байқағаны белгілі болды.

Күдікті жан-жағына мұқият қарап, жұмысшылардың үзіліске кеткен сәтін пайдаланып, құны 165 мың теңгеге жуық тұратын Bosch нивелир құралын ұрлап кеткен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұрлық жасаған ер адам кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Сонымен қатар құрылыс нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру