Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: Екібастұзда төленбеген айыппұлы бар жүргізушілер анықталды

Екібастұзда “Борышкер” ЖПІШ барысында төленбеген айыппұлы бар жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұзда тұрғылықты жері бойынша бір мыңнан астам борышкер айыппұл бойынша тексерілді, нәтижесінде 2 млн теңгеге жуық сомаға 90 айыппұл өндірілді.

– Биыл өңір аумағында 7139 әкімшілік бұзушылық анықталды, олар бойынша 98 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 61 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Мәжбүрлеп орындауға 775 материал жіберілді, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Қанат Кәрімжанов.

Мысалы, 14 маусымда “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері сот орындаушысы шығарған қаулыға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық бойынша төленбеген айыппұлы бар 50 жастағы жүргізушінің басқаруымен Mitsubishi Galant автокөлігін тоқтатты. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, “Борышкер” ЖПІШ 30 маусымға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру