Келес тұрғыны досының телефонын сатып жіберген
Келес тұрғыны досының телефонын ұрлап, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, ол танысының үйіне қонаққа барғанында телефонын ұрлатып алған. Келтірілген шығын көлемі – 60 мың теңге.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.
Мән-жайды анықтау үшін тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, қажетті тексеру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Белгілі болғандай, жәбірленуші досының үйіне қонаққа барып, телефонын қалдырып кеткен. Оны білген танысы телефонды бас пайдасы үшін сатып жіберген. Сақшылар қолды болған телефонды тәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.