Жамбылдық дзюдошылар жастарды нашақорлықтан бас тартуға шақырды
Жамбылдық дзюдошылар жастарды нашақорлықтан бас тартуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №3 олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошыларымен нашақорлықтың өскелең ұрпақ арасында таралу проблемасын талқылады.
Полиция мен спортшылар әртүрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелерін және тыйым салынған заттарды қолданудан жастардың денсаулығына кері әсерін қарастырды.
Жыл сайын 26 маусымда аталып өтетін халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған осындай кездесулер көптеген спорт нысандарында өткізіледі.
– Жас спортшылар жаман әдеттердің көмегімен емес, спортпен шұғылдану арқылы өмірдегі қиындықтарды қалай жеңуге болатынын біледі. Олар нашақорлықпен күресуге өз үлестерін қосуға қуанышты. Өйткені, олардың үлгісі басқа балаларды дамуға, армандарын орындауға, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады, – деп атап өтті облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.