Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында түнгі уақытта көшеде жүрген 57 жасөспірім анықталды

24-26 маусым аралығында Ұлытау облысы аумағында “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандарды анықтау және заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде жүруі бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізу.

Іс-шараның екі күнінде түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз көшеде және ойын-сауық орталықтарында жүрген 57 бала анықталып, ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар іс-шара барысында ата-аналық міндеттерін орындамаған екі ата-анаға қарсы хаттама толтырылып, есепке қойылды.

– Түнгі уақытта кәмелетке толмағандар ойын-сауық орталықтарында және көшеде жүруі бойынша біз үнемі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырамыз. Мақсатымыз – жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстардың алдын алу. Осы бағытта мобильді топтар ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған кәмелетке толмағандарды анықтайды және ойын-сауық орындарының әкімшілері мен ата-аналарға қатысты әкімшілік жазалау шараларын қолданады, – деді Ұлытау облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерғали Қожабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру