Абай облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды
Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді түңгі уақытта бақылау барысында, тыйым салынған затты лақтырмақ болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейлік азаматты жеке тексеру барысында скотч жапсырмасына оралған ұялы телефон мен SIM карта табылып, тәркіленді. Семей қаласы тұрғыны сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.
– Ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен сотталғандардың туыстары тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, – деп түсіндіріп өтті жедел бөлім қызметкері Дархан Досалинов.