Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері облысқа есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Қостанай облысы ПД полиция қызметкерлері облысқа есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора – 2023” жедел алдын алу шарасы шеңберінде жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу кезінде полицейлер облыс аумағында есірткі құралдарын таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шарасы барысында елорда тұрғынынан қонақүйден шамамен 2 келі есірткі заты тәркіленді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат – салмағы шамамен 2 келі гашиш.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметовтың айтуынша, қазіргі уақытта осы дерек бойынша 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қостанай облысы ПД полиция қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 261 келі түрлі есірткі заттарын тәркілегенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру