Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер «ақылды» технологиялардың көмегімен ЖҚЕ бұзған жүргізушілерді анықтады

СҚО-да полицейлер «ақылды» технологиялардың көмегімен 5 ай ішінде жол ережесін бұзған 108 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобымен «интеллектуалды» бейнежүйелер мен «Мегакам.Қорғау» қосымшасы арқылы жол ережесін кезекті қасақана бұзушы анықталды.

Мамыр айында шетелдік есепте тұрған ВАЗ-21114 автокөлігінің жүргізушісі Петропавл көшелерінде 5 бұзушылыққа жол берді. Олар жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйелерінің көмегімен анықталды. Көлік туралы деректер «анықталмаған жүргізуші» базасына енгізілді. Іздестіру тобы «Мегакам.Қорғау» жүйесін пайдаланып, іздеуде жүрген автокөлікті анықтады. Жүргізуші жылдамдықты асырғаны және сақтандыру полисінсіз көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

– Қазіргі заманғы техника — полиция жұмысында сенімді көмек. 5 ай ішінде іздестіру тобының қызметкерлері шетелдік есепте тұрған, автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық құралдармен тіркелген жол ережесін өрескел бұзушылықтары бар көлік құралдарының 108 жүргізушісін ұстады. Осы бағыттағы жұмыс жүргізушілердің тәртібін арттыруға және ауыр зардаптармен болатын жол апатының қаупін азайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру