Елорда тұрғыны дүкен сөресінен құлаққап ұрлап кеткен
Елорда тұрғыны дүкен сөресінен құлаққап ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қаладағы электроника дүкендерінің бірінің өкілінен сауда сөресінен белгісіз адам құлаққапты иемденгені туралы шағым түсті. Белгілі болғандай, сатып алушының кейпіне енген белгісіз адам күндізгі уақытта Республика даңғылындағы сауда үйіне кіріп, құлаққапты қарай бастаған. Тауарды таңдағандай болып, ол 320 мың теңге тұратын Samsung маркалы құлаққапты алып, дүкеннен асығыс шығып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 18 жастағы жігітті анықтады. Ұсталған азамат мойындау айғақтарын берді.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.