Астанада салынып жатқан нысаннан ер адам 2 метр қуат кабелін қолды еткен
Астанада салынып жатқан нысаннан ер адам екі метр қуат кабелін қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кабель ұрлады деген күдікке ілінген 32 жастағы тұрғынды анықтады. Түнгі уақытта салынып жатқан нысанның аумағына кіріп, контейнерді бұзып, күштік кабельдің 5 шығанағын ұрлап кеткен.
Материалдық шығын – 782 мың теңге. Белгілі болғаны, ұрланған сымды ол таксимен барып, металл қабылдау пунктіне тапсырған. Күдікті жасаған қылмысын мойындады.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Елордалық полицейлер азаматтарға қылмыстық жолмен көрінеу өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделгендей, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.