Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Әр үйде домбыра ілініп тұру керек!” – петропавлдық полицей сүйікті аспабы туралы айтып берді

Петропавлдық полиция қызметкері сүйікті аспабы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметінің күнделікті өмірінде хоббиге уақыт табу оңай емес, бірақ кейбір қызметкерлер уақыт табады. Полиция старшинасы Раушан Баймұқанова Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторының айдауылдау полицейі домбыраның құлағында ойнайды. Ол бала кезінен әкесімен бірге теледидардан айтыс пен терме тыңдайтын. Сол кезден бері халық музыкасына әуес болған. Ежелгі аспаптың дыбыстары жас жүректі жаулап алды, 6-сыныпта оқып жүрген кезде ол ата-анасынан домбыра сатып алуды өтінді. Ол кезде домбыраның бағасы 23 рубль болған. Сол уақытта қомақты ақша болатын. Раушан оқушы кезде сатып алынған аспап оған көп жыл бойы қызмет етті. Бұл домбырамен ол мектептің іс-шараларында және ауыл тұрғындарының алдында өнер көрсеткен.

Қазір Раушанның ішкі істер органдарында 18 жыл еңбек өтілі бар. Ол әлі күнге дейін туыстары мен жақындарын ұлттық әндерімен қуантады, іс-шараларда өнер көрсетеді. Ол қазақтың қара домбырасымен Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойында да ән шырқады. Раушан домбырасын қолына жиі алып тұрады. 

– Қазақстан күнтізбесінде домбыра күні пайда болған кезде менің қалай қуанғаным есімде. Бұл күнді әр жолы үлкен қуанышпен қарсы аламын. Домбыра – біздің көңіл-күйімізді, жанымыздың жағдайын жеткізетін, маңызды мәселелерді көтеруге мүмкіндік беретін ұлттық аспабымыз. Жерлестерімді осы тамаша мерекемен құттықтаймын, біздің домбырамыз әр үйде ілініп, тұрса деймін, жерімізге бейбітшілік пен үйлесімділік әкелсін деп тілеймін, – дейді Раушан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру