Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері екі ай ішінде зейнеткерлерді алдап, сан соқтырған 23 алаяқты ұстады

Қарағандылық полицейлер екі ай ішінде зейнеткерлерді алдап, сан соқтырған 23 алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің бастамасы, Қарағанды қалалық әкімдігінің қолдауымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің белсенді ұзақ өмір сүру орталығында алаяқтық фактілерінің алдын алу мәселесі бойынша кездесу өтті. Оған қаланың Қазыбек би және Әлихан Бөкейхенов аудандарында тұратын зейнет жасындағы 400 ден астам адам қатысты. Олардың барлығы орталықта спорттық-сауықтыру сабақтарына белсене қатысатын егде жастағы адамдар.

– Қарағандыда мамыр және маусым айларында бұрын белгілі болған алаяқтықтың түрі күрт өсіп отыр. Онда қаскүнемдер азаматтарға үй телефонына қоңырау шалып, “сіздің туысыңыз жол-көлік оқиғасына кінәлі болды, ол үшін ол жазаға тартылады. Оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін шұғыл түрде ақша төлеу керек” дейді. Мәселен, жоғарыда көрсетілген кезеңде облыстың полиция органдарына осындай алаяқтықтың 61 фактісі тіркелді, оның 35-і ашылды. Осындай қылмыстарды жасағаны үшін қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 адам ұсталды, – деді облыстың ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ершат Әліпбаев.

Ол өз сөзінде қатысушылардың назарын жәбірленушілердің барлығы қарт адамдар екеніне айтып, алаяқтар олармен байланысуға тырысқанда, әңгімені бірден үзіп, полицияға қоңырау соғуды ескертті. Сондай-ақ жиында криминалдық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Арман Қайрақбаев қатысып, зейнеткерлерге ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалатын интернет-алаяқтығы туралы да ескертпе жұмыстарын жүргізді.

– Қаскүнемдер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады және әртүрлі сылтаулармен шот бойынша күдікті операциялар, несиелерді рәсімдеуге көндіреді. Олар “ЭниДеск”, “ТимВивер” үшінші тарап қосымшаларын орнатуға көндіреді, олар арқылы шоттардан ақша ұрланады, сондай-ақ SMS-парольдер, банк карталарының CVV кодтары хабарланады, – деп ескертті Арман Қайрақбаев.

Айта кету керек, жыл басынан бері интернет желісі арқылы алаяқтардың құқыққа қайшы әрекеттерінен келтірілген жалпы залал облыс бойынша 1 млрд 334 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру