Семейде “Пробация үйі” науқаны өтті
Семейде “Пробация үйі” науқаны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік оңалту өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жоғалған әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы ретінде айқындалады.
Пробация қызметінің мақсаттарының бірі –пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту.
16 маусымда жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінде Семей қаласы прокуратурасының бастамасымен «Пробация үйі» пилоттық жобасы аясында Абай облысы бойынша ҚАЖД Әуезов, Затон және Орталық аудандарының пробация қызметтерінің, жергілікті полиция қызметінің, халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің өкілдері тиісті қызметтер көрсету бойынша жұмыстар жүргізді.
Басқаша айтқанда, бір жерде пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар мамандармен қайта әлеуметтену процесінде туындаған жұмысқа орналастыру мәселелерін, әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруді, қажетті құжаттарды алуға және қалпына келтіруге жәрдемдесуді, қайта оқытуды, кәсіптік білім беруді, психологиялық, медициналық көмек көрсету жөнінде толық мәлімет ала алады.
«Пробация үйі» іс-шарасын орындау мақсатында пробация қызметінің есебінде тұрған 30-дан астам сотталушы шақырылды, олар жұмысқа орналасу, материалдық көмек алу, денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңес алды.
Яғни, бұл жұмыс әлеуметтік-құқықтық көмектің толық кешенін көрсетуге бағытталған, осылайша заңның шегін бұзған азаматтарға қоғамға тезірек тезірек бейімделуге, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге, қажетті
мемлекеттік және қоғамдық қолдауды алуға, бір сөзбен айтқанда, оған мұқтаж сотталғандардың санаттарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Пробация үйінің артықшылығы – ол «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бір ғимараттан шықпай-ақ, әр түрлі мәселелерді шешуде кепілдендірілген қызметтердің толық кешенін алуға болады.
– Бұл жобаның негізгі мақсаты – түзеу мекемесінен босатылған тұлғалардың қайталама құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және пробация есебіндегі адамдарды қайта әлеуметтендіру үшін жағдайларды жақсарту.
Осылайша, кешенді стратегияны іске
асыру шеңберінде арнайы контингенттің қайталама қылмыстар жасауының
алдын-алу, себептерін азайту немесе толығымен жою көзделеді, – деп атап өтті
бөлім бастығының орынбасары Жанар Накишева