Ақмола полицейлері мен банк қызметкерлері интернет-алаяқтыққа қарсы іс қимыл әрекеттерін талқылады
Ақмола облысы ПД департамент бастығының орынбасары Фархад Омаровтың төрағалығымен полиция департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы банктері филиалдарының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шарада 5 жыл ішінде аймақтағы киберқылмыстардың саны 10 есеге артып, ерекше дабыл тудырғаны атап өтілді. Қаскүнемдер алдаудың әртүрлі тәсілдері мен психологиялық әдістерді қолданады. Нәтижесінде алаяқтардың құрбандары ақшаны жоғалтып қана қоймай, үлкен қарызға батады.
Іс-шарада полицейлер банк қызметкерлерімен бірлесе отырып, киберқылмысқа қарсы іс-қимылды күшейтуге шақырды, интернет-алаяқтықтың алдын алу және банктер тарапынан алаяқтық жасады деген күдіктілерді «ізін суытпай» анықтауға жәрдемдесуге ынтымақтастыққа шақырды.
Тәртіп сақшылары онлайн несиелерді мақұлдау тәсілдерін қайта қарауды ұсынды. Полицейлер ұсынған бірқатар ұсыныстар, атап айтқанда, берілген онлайн-кредиттердің сомасы бойынша лимиттерді белгілеуге, клиенттің өтінімнен бір тәулік өткен соң ақша қаражатын алу мүмкіндігіне, клиенттің сенім білдірілген адамына онлайн-кредит берер алдында қоңырау шалуға, алаяқтық құрбанын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде немесе толығымен кредит бойынша төлемдерді төлеуден босатуға, жедел желі құруға қатысты болды.Сонымен қатар полиция қызметкерлері банктердің мобильді қосымшаларында онлайн-несиелерді мақұлдау кезінде алаяқтықтың құрбаны болу қаупі туралы ескерту және ескерту терезесін іске қосуды ұсынды.
Кездесу соңында халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу, сондай-ақ киберқылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал ететін стратегиялық шараларды әзірлеу бойынша бірлескен жүйелі талдамалық жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.