Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция басшылығы жұртшылықтың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді

СҚО-да полиция басшылығы «Жолда қабылдау» аясында жұртшылықтың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда шектеулер қойылған автокөлікті заңдастыруға бола ма? Ресей Федерациясынан келген жақын адамың қанша уақытқа қонаққа келе алады? Осы және өзге де сұрақтарды Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары «Жолда қабылдау» акциясы барысында полицейлерге жолдауда. Ол 14-15 шілдеде аралығында өтіп жатыр. Құқық қорғау органдары адамдармен әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде, халықпен жиындарда байланысады.

Тікелей эфирде бірінші болып облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов сөз сөйледі. Оған шетелдік есепте автокөліктерді заңдастыру туралы көптеген сұрақ түсті. Сұрақтарға жауап бере отырып, Әлжанов мотоциклдер мен тіркемелерді рәсімдеу жалпы негізде жүзеге асырылатынын, ал уақытша тіркеудегі көлікті Ресей Федерациясына қайтарып, сатуға болатындығын түсіндірді.

Азаматтардың бірі уақытша нөмірлері бар автокөлікке қазақстандық сот шектеулер қойса, не істеу керектігін сұрады. Серік Әлжанов жағдайды жеке қарастыру үшін автокөлік иесін жеке қабылдауына шақырды.

Келесі эфирде жергілікті полиция қызметі мен көші-қон қызметі басқармаларының басшылары сөз сөйледі. Талғат Әбілов жазғы уақытта шетелдіктердің келуі туралы көптеген сұрақ келіп түсетінін атап өтті. Осы жылдың қаңтар айынан бастап визасыз және уақытша тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктер болу мерзімі өткеннен кейін ҚР-ға 90 күннен ерте қайта кіре алмайды. Айдын Байматовқа жол қауіпсіздігі және учаскелік инспекторлардың қызметі бойынша сұрақтар қойылды. Ол отбасылық өмір саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы айтты: жанжалдар үшін жауапкершілікті күшейту, қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жәбірленушілердің мәлімдемесінсіз – анықтау фактісі бойынша тіркелетіндігін тілге тиек етті.

Облыс бойынша жарты күн ішінде полицейлер 120-ға жуық сұраққа жауап берді. Халықпен диалогты көші-қон, әкімшілік және жергілікті полиция қызметінің басшылары мен тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев атап өткендей, «Жолда қабылдау» республикалық акциясы халыққа құқықтық көмек көрсету, адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту мақсатында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру