Павлодар облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Успен полицейлері мас күйде көлік жүргізген ауыл тұрғынын ұстады. Ол 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар – Успен автожолында Успен ауданының полиция қызметкерлері Kia Sportage автокөлігін тоқтатты, оның жолда жүруі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күдік туғызды. Құжаттарды тексеру кезінде рөлде отырған ханымнан алкогольдің өткір иісі шықты. Жүргізушіге медициналық куәландырудан өту үшін Успен аудандық ауруханасына бару ұсынылды, оның нәтижелері бойынша әйелдің алкогольдік мас болуының «орташа дәрежесі» анықталды.
– Белгі болғандай, 45 жастағы әйел Павлодар қаласына бет алған. Аталған факті бойынша ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды. Соттың шешімі бойынша мас күйінде көлік жүргізгені үшін ауыл тұрғыны жауапқа тартылды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Оның асырауында кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, ол 15 тәулікке қамауға алынбады, – деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.
Жыл басынан бері Павлодар облысында алкогольдік мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 668 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Мас күйінде көлік жүргізу тек көлік жүргізетін адамға ғана емес, ең алдымен айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Автокөлікті мас күйінде жүргізу жол апатына әкелуі мүмкін.Мас күйінде көлік құралын қайта жүргізген жүргізушілер жүргізуші куәлігінен өмір бойы айырылып қана қоймай, үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайда бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полицейлер тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді, егер Сіз мас адамның көлік жүргізгісі келетініне немесе көлік жүргізіп жатқанына куә болсаңыз, «102»телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.