Ақмола облысында бір жер учаскесін екі рет сатқан алаяққа қатысты тергеу басталды
Ақмола облысында бір жер учаскесін екі рет сатқан алаяққа қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 шілде күні Целиноград ауданының полиция бөліміне Астана қаласының тұрғынынан жер учаскесін сатудағы алаяқтық дерегі туралы өтініш келіп түсті. Залал сомасы 3,5 млн теңгені құрады.
Өтініш берушінің айтуынша, жергілікті тұрғын оған басқа біреудің жер учаскесін сатқан. Ер адам бұл туралы алаяққа қолма-қол ақша беріп, құрылыс материалдарын алар кезде бірақ білген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы тексеріліп, өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқан адамды анықтады. Бұрын бұл адам сол жер учаскесін басқа облыс тұрғынына сатқаны анықталды, бірақ ол жерге меншік құқығын тіркемегендіктен, күдікті оны пайдалануға асыққан.
Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тәртіп сақшылары жер учаскесін сатып алу туралы шешім қабылдамас бұрын оның тарихын біліп, учаскемен барлық заңды әрекеттер туралы анықтама сұрап, ең бастысы заңгерлердің көмегіне жүгінуді ұсынады.