Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер «Қорғау» бағдарламасының көмегімен 4 млн теңге айыппұлы бар автокөлікті анықтады

Түркістан облысының полицейлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы 4 млн теңгеден астам айыппұлы бар автокөлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығынан «Қорғау» жүйесі арқылы Toyota Camry автокөлігі туралы дабыл келіп түсті. Көлік жүргізушісінде жеке сот орындаушысының қаулысы бойынша берешегі бар екендігі анықталды.

Жедел басқару орталығының кезекшілері автокөлікті ұстауға Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждарына бағыт берді. Тәртіп сақшылары аталған көлікті тоқтатып, Қазығұрт ауылындағы айыптұраққа қойды.

Полицейлер атап өткендей, «Қорғау» бағдарламасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ төленбеген айыппұлдар, жалған нөмірлер және басқа да құқық бұзушылықтары бар автокөліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Тек соңғы айда осы бағдарламаның көмегімен айыппұлы төленбеген 130-дан астам автокөлік айыптұраққа қойылған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру