Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мас күйінде мотоцикл тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Абай облысында мас күйінде мотоцикл тізгіндеген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсуат ауданының полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде Ақсуат – Танамырза тас жолында ЖҚЕ бұзған 42 жастағы ер адамның басқаруындағы мотоциклді тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрғандықтан, тәртіп сақшылары ер адамды медициналық куәландыруға жеткізген. Куәландыру қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзушының “орташа” дәрежелі масаң күйде екендігі расталған.

Полиция 42 жастағы жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетіп, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материалдарды полицейлер тиісті заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолдады.

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды көлік құралының тізгініне мас күйде отырмауды ескертеді. Полиция азаматтарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Ең алдымен, жүргізушілерге өз өмірі туралы ойлауды ескертеді. Есіңізде болсын, сізді жақындарыңыз үйде күтіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру