Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғынға үй алуға жәрдемдесемін деп сан соқтырған алаяқ құрықталды

Түркістандық тұрғынға үй алуға жәрдемдесемін деп сан соқтырған алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы сеніміне кіріп, үш күн ішінде тұрғын үй құжаттарын жасап беремін деген желеумен алдын ала 85 мың теңгесін алған. Алайда арадан біршама уақыт өтсе де, ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Өзінің сан соғып қалғанын түсінген тұрғын, полицияның көмегіне жүгінді.

Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Қазығұрттық полицейлер болған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті әйел адам анықталып, полицияға жеткізілді. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру