Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері қарудан оқ атудан жарысты

Абай облысының полицейлері қарудан оқ атудан жарысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы және “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамымен бірлесіп ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Ұлттық ұланның оқу-жаттығу полигонында Абай облысы ПД бөлімшелері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өткізді.

Барлығы ПД бөлімшелері мен аудандық полиция бөлімдерінің 46 қызметкері қатысты.
Калашников автоматынан атудан ерлер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша І орынды – Дастан Толахметов, ІІ орынды – Қайратбек Бекзат, ІІІ орынды – Қуаныш Қожекенов иеленді.

Макаров тапаншасынан атудан ерлер арасында І орынды – Уәлихан Майкенов, ІІ орынды – Айдар Азамбаев, ІІІ орынды – Айдос Сексенбаев иеленді.

Әйелдер арасында І орынды – Дина Уваисова, ІІ орынды – Мадина Қайратова, ІІІ орынды – Жадыра Орынбекова иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған жарысқа қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру