Биыл Петропавл полицейлері абаттандыру ережесінің 2,7 мыңнан астам бұзушылығын анықтады
Биыл Петропавл полицейлері абаттандыру ережесінің 2,7 мыңнан астам бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Туған қаланың көшелеріндегі тазалық пен тәртіп әр адамның жауапкершілігіне байланысты. Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді. Назарда үй маңындағы аумақтар, тұрғын үйлердің, ұйымдар мен кәсіпкерлік объектілерінің қасбеттері болады.
Кей кезде былтырдан қалған шабылмаған және жиналмаған шөптер, құрылыс қоқыстары, белгісіз жерлердегі қоқыс – мұндай суретті кейде қаланың жер үйлер орналасқан аймақтарынан көруге болады. Полицейлер жергілікті тұрғындармен кездесіп, іргелес аумақты тиісті түрге келтіру қажеттігін, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша жауапкершілік туралы еске салады. Жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру ережелерін бұзудың 2706-дан астам фактісі анықталды. Оның ішінде 2615 бұзушыға ескерту ретіндегі ықпал ету шарасы қолданылды.
– Қызметкерлер тұрғындарға кемшіліктерді жоюға уақыт береді. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының санкциясына сәйкес қасақана бұзушыларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, бір жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда – 30 АЕК. Сонымен қатар учаскелік инспекторлар интернет-алаяқтықтың, велосипед ұрлығының және басқа да қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Мұндай айналымдардың мақсаты – абаттандырудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сервистік моделі шеңберінде халықпен байланысты нығайту, – деді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Жақсылық Байбусинов.