Қарағандыда өзгенің көлігін мас күйде айдап кеткен азамат қамауға алынды
Қарағандыда өзгенің көлігін мас күйде айдап кеткен азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне белгісіз біреулердің өзгенің көлігін айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.
63 жастағы зейнеткер жәбірленуші түнгілік уақытта өзінің көлігін көпқабатты үйдің ауласына қойғанын, таңертең тұрғанда көліктің жоғын көріп, бірден полицияға хабарлағанын айтты. Аталған дерек бойынша облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамына бағыттама берілді.
Сол күні Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасы патрульдік полиция тобының қызметкерлері ұрланған көлікті 31 жастағы азаматтың басқаруында ұстады. Көлік тізгінінде болған азамат мас күйде болған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ұсталған азаматқа қатысты көлікті мас күйде жүргізгені үшін хаттама толтырылып, соттың шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.