Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда гаражға ұрлыққа түскен күдікті анықталды

Қарағандыда гараждың қабырғасын бұзып, ішіндегі мүлікті ұрлап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреу өзіне тиесілі гаражды бұзып кіріп, ішіндегі заттарын ұрлап кеткені туралы хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады.

Жәбірленуші ұрлықтың қай уақытта болғанын нақты айта алмады. Өйткені ол бір аптаға жуық гаражына бармаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жәберілді.

Белгілі болғандай, күдікті ол жерден балық аулау қайығын, ара, үш қармақ, аккумулятор, көліктің орындығына жапқышты қолды қылған. Қылмыстың куәгерлері болмағанына қарамастан, тәртіп сақшылары санаулы уақыт ішінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас тағыда бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Осыдан екі апта бұрын ол кәсіпорындардың бірінен құны 500 мың теңге тұратын темір балканы ұрлап, темір қабылдау орнына өткізіп жіберген. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру