Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері қараусыз қалған ғимараттың терезесінен құлай жаздаған баланы құтқарып қалды
Абай облыстық ҚАЖД-ға қарасты №23 мекеме қызметкерлері қараусыз қалған ғимараттың екінші қабатынан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды. Кәмелетке толмаған бала жазатайым оқиғадан аман қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 7 күні күні сағат кешкі 20:00 шамасында болған. №23 мекеменің қарауыл үй-жайының телефонына №5 бекетінен полиция қызметкері Алтынбек Мұқашевқа мекеме аумағының сыртындағы қараусыз қалған ғимарат жағынан көмекке шақырған баланың айқайы естілгені туралы хабар келіп түскен.
Мекеме қызметкерлері Болатбек Букенов, Аян Серік және Балнұр Ахметханова дереу ғимаратқа бет алған. Келгеннен кейін қызметкерлер қараусыз қалған ғимараттың терезесінде тұрған 7-8 жастағы баланың жылап тұрғанын көрген. Бала қорыққаннан өздігінен түсе алмаған. Белгілі болғандай, бала ойнап жүріп, қараусыз қалған ғимараттың екінші қабатына көтеріліп, терезеде тұрған. Қуанышқа орай, мекеме қызметкерлері қараусыз қалған ғимараттың екінші қабатына көтеріліп, балаға қолын созып, осылайша оған қараусыз қалған ғимараттан түсуіне көмектескен.
Барлығы сәтті аяқталып, бала анасына табысталды. 8 жастағы Қажымұқан толыққанды отбасынан шыққан. Отбасында барлығы бес бала, ол үйдің үлкені, оның екі қарындасы мен екі інісінің бары белгілі болды.
– Мен мекеме қызметкерлерінің ұлымды үлкен қиындықтан құтқара алғанына ризамын, оларға мейірімділік пен қамқорлықтары үшін алғыс айтамын. Өздерінің қиын қызметіне қарамастан, погондағы қызметкерлер әрқашан бізге көмекке келуге дайын, – дейді баланың анасы Сарқыт.
№23 мекеме бастығының орынбасары Уәлихан Жумашевтің айтуынша, қызметкерлердің нақты және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында жазатайым оқиғаға жол бермеген.
Сондай-ақ мекеме бастығының орынбасары тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауға және балалардың қараусыз қалған ғимараттың жанында ойнауына жол бермеуге кеңес берді.