Павлодар облысының полицейлері ІІМ академияларына оқуға түскен курсанттармен кездесті
Павлодар облысының полицейлері ІІМ академияларына оқуға түскен курсанттармен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД кадр саясатының қызметкерлері ведомстволық оқу орындарына, атап айтқанда ҚР ІІМ Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларына түскен талапкерлермен және ата-аналармен кездесу өткізді.
– Талапкерлер ҰБТ шекті балын жинап, әскери-дәрігерлік комиссиядан өтті, оның қорытындысы бойынша жарамды деп танылды және өздерінің физикалық нормативтерін растады. Академияны бітіргеннен кейін оларға құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі беріледі және «полиция лейтенанты» арнайы атағы беріледі. Сонымен қатар әр түлекке жұмысқа орналасуға кепілдік беріліп, тұрғын үй төлемдері төленеді. Жақсы дене бітімі, күйзеліске төзімділік, жоғары интеллект – өз өмірін ішкі істер органдарындағы қызметке арнауды жоспарлап отырғандарға қойылатын басты талаптар, – деп атап өтті облыс ПД кадр саясаты басқармасының инспекторы Бейбіт Жақыпов.
Іс-шара диалог түрінде өтті, оқушылар мен олардың ата-аналары барлық сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Сондай-ақ талапкерлер департаменттің жауынгерлік даңқ мұражайына барған. Мұражайда Павлодар, Ертіс өңірінің ішкі істер органдарының қалыптасу тарихынан көптеген қызықты ақпараттар алған.
– Мен ІІМ Қарағанды академиясына түстім және ПД қызметкерлеріне жауапты кезеңде қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді – дейді Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектеп түлегі Гомар Әмина.
Талапкерлердің ата-аналары полиция қызметкерлеріне болашақ мамандықты таңдауда қолдау көрсеткендері үшін өз алғыстарын білдірді.