Абай облысында бақылаудан жалтарған үш есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды
«Есепке алу элементі» ЖПІШ қорытындысы бойынша үш есептегі сотталған бас бостандығынан айырылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қайталанатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 10-17 тамыз аралығында облыс аумағында «Есепке алу элементі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
«Есепке алу элементі» іс-шарасы сотталғандармен жұмыс жүйесінің бөлігі. Қылмыстардың қайталануының алдын алуға бағытталған. Іс-шараның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – сотталғандармен әңгімелесу және тұрғылықты жері бойынша тексеру. Сонымен қатар сотталғандардың құжаттарын үнемі тексеріп, олардың орналасқан жеріне және олар белгілеген шарттардың орындалуына бақылау жасайды. Осылайша, сотталғандар пробация шарттарын бұзу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсінеді.
Сондай-ақ ЖПІШ жүргізу барысында бас бостандығынан айырусыз жазалауға сотталғандар «Web-интерфейс» дерекқоры және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың қайталануын уақтылы анықтау үшін (шетелге шығу, ел ішінде ескертусіз орын ауыстыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау және т.б.) тексеріледі.
– ЖПІШ кезеңінде Семей қаласының Затон ауданының пробация қызметінің есебінде 150-ге жуық сотталғандар тұр. Қызметкерлер сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізді. Олардың тұрғылықты жері бойынша дәлелсіз себептермен болмауы деректері болды. Осыған байланысты Абай облысының Семей қаласының №2 сотына қоғамнан оқшауланбай тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыруға 3 материал жіберілді. Бұл адамдарды сот 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзіммен бас бостандығын шектеуге соттады және сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырған жағдайда, тәртіпті бұзған сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарында одан әрі өтелмеген мерзімін өтейтін болады, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖД Семей ауданы пробация қызметі бастығының орынбасары Е.Қадырманов.