Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы Ұлан аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барды. Полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, өңір тұрғындарын қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші кезекте облыстың бас полицейі аумақтық бөлімшенің жаңа басшысы – полиция полковнигі Қонжанов Қуанышты таныстырды. Ол бұған дейін Самар ауданы полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Кездесу барысында Ерлан Омарбеков қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын атап өтті. Аталған құжатта қоғамдық қауіпсіздік саласындағы стратегия, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін құру; профилактиканың барлық субъектілерінің ортақ жауапкершілігін белгілеу; полиция жұмысының сервистік моделіне көшу бекітілетін болады. Осы шаралардың барлығы азаматтардың құқықтық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар кездесу барысында облыстың бас сақшысы Ұлан ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымбек Сағындықовқа, сондай-ақ Айыртау ауылдық округінің қоғамдық көмекшісі Бекжан Әбдірахмановқа алғыс хат табыс етті.

Кездесуді қорытындылай келе, ПД бастығы полицейлер арасында тәртіп пен заңдылықтың мүлтіксіз сақталуына тоқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру