Павлодар облысында 21 жасқа толмаған тұрғынға сыра сатқан сатушы анықталды
Павлодар облысында 21 жасқа толмаған тұрғынға сыра сатқан сатушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекті профилактикалық рейд жүргізді. Аудан дүкендерінің бірінде учаскелік полиция инспекторы алкоголь өнімдерін сату фактісін анықтады. Сатушы 21 жасқа толмаған жігітке сыра сатқан.
– 53 жастағы кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 2-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Есенбек Аққазенов.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының алкогольге қарсы заңнамасын қайта бұзғаны үшін алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге арналған лицензиядан айыру түріндегі сауда нүктесінің иесіне қатысты қосымша жаза шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр.
Биыл Павлодар облысында алкоголь өнімін өткізу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін барлығы 104 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ өңірдің 6500-ден астам тұрғыны алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін жазаланды.