Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Ақмола облысында 10 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биыл Ақмола облысында жол-көлік ережесін бұзған 10 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан Ақмола облысында жаяу жүргіншілердің кінәсінен 8 ЖКО тіркелді. Сегіз адам түрлі жарақат алып, біреуі қаза тапқан. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қатысуымен 53 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан жеті адам қаза тауып, 50 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

Жаяу жүргіншілер жолынан тыс немесе бағдаршамның қызыл түсіне өтетін тұрғындар да назардан тыс қалмаған. Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 10 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаяу жүргіншілердің негізгі заң бұзушылықтарының қатарына: жолды дұрыс емес жерде өтуі, тұрақта тұрған көліктер мен басқа да кедергілерге байланысты жолдың күтпеген жерінен шығып қалуы жатады. Осыған байланысты полицейлер «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!», «Назар аударыңыз, балалар!», «Автомобиль», «Құқықтық тәртіп» сияқты профилактикалық іс-шаралар өткізіп жүр.

Авариялық қауіп төнген жерлерде полиция инспекторлары дауыс зорайтқыш құрылғылары арқылы жол жүру ережелерін сақтау қажеттілігі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мұндай іс-шаралардың негізгі міндеттері – жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол апатын алдын алу, жол қозғалысына қатысушылар арасында өзара сыпайылықты насихаттау, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіздікті арттыру.

Жыл басынан бері жаяу жүргіншілер мен балалардың қатысуымен болған ЖКО деңгейін тұрақтандыру мақсатында 25 жаяу жүргіншілер өткелі, балалардың 89 макеті, жүргізушілердің көз назарын аудару үшін, сондай-ақ патрульдік полицияның (оның ішінде оқу орындарының жанындағы 42 жаяу жүргіншілер өткелдерінде) қатысуының әсерін көзбен көру үшін 99 қызыл-көк түсті строб шамы және жаяу жүргіншілер өткелдері реттелмейтін жерлерде 9 проекциялық жарықтандыру орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру