Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Түркістан облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 23:00 шамасында профилактикалық жұмыстарды атқару барысында Мақтаарал ауданы Мырзакент – Жетісай тас жолы бойында жүріп келе жатқан ВАЗ 21070 автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның мастығына күдіктенді. Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушінің мас екені расталды.

Автокөлік иесіне қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 17 250 теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жиналған материалдар Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Бүгінгі күні сот шешімімен мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру