Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы әйелдер колониясында ашық есік күні өтті

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №50 мекемесінде сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта №50 мекемеде 200-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Іс-шараға бірнеше облыстан (Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Астана қаласы) 59 сотталғанның 190-ға жуық туысы келді.

Ашық есік күніне алғаш рет келген, мекеме аумағымен және сотталғандарды ұстау шарттарымен танысқысы келетін туыстары үшін тұрғын аймақ бойынша экскурсия өткізілді, сондай-ақ тәттілер, концерттік бағдарлама және аниматорлармен шоу көрсетілді.

Қонақтар алдында мекеме бастығы Қанат Сүлейменов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол жақындарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтіпі, келе жатқан мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады, сондай-ақ жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Сотталған М. үшін бүгінгі күн тек туыстарымен кездескені үшін ғана емес, сонымен бірге мерзім аяқталуына байланысты мекемеден босатылатыны үшін де ерекше қуанды.

– Бүгінгі күн есімде ұзақ уақыт қалатыны сөзсіз. Осыншама уақыттан кейін отбасыңмен қайта бірге болу – нағыз бақыт. Болашақта мен барлық жоспарларым мен армандарымды жүзеге асырамын деп үміттенемін. Бейімделуге көмектескені үшін мекеме әкімшілігі мен қызметкерлеріне үлкен рақмет, – деді ол.

Іс-шара соңында сотталғандардың туыстары мекемеге келіп, жақындарымен уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін қызметкерлер мен әкімшілікке шын жүректен алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру