Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысындағы өндірістік орында жұмысшы электр тоғынан күйік алды

Ақмола тұрғыны өндірісік орында жұмысшы электр тоғынан күйік алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамыз күні Степногорск қаласының полиция басқармасына қалалық ауруханаға “Қол мен аяқтың электрлік күйгені” диагнозымен 29 жастағы жергілікті тұрғын түскені туралы хабарлама келген.

Ер адамның қала кәсіпорындарының бірінде электрик екені анықталған. Трансформаторды жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде азаматқа электр тоғы соққан.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабы 1-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сараптама тағайындалып, мемлекеттік еңбек инспекторымен тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру