Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері алаяқтық жолмен 6,3 млн теңгені иемденген шетелдікті ұстады

Атырауда несие рәсімдеп беремін деп 6,3 млн теңгені иемденген шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22-23 маусым аралығында 35 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматы Алматы қаласында болған кезінде 30 жастағы Құрманғазы ауданының тұрғынына қоңырау шалған. Азамат өзін ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жолмен жәбірленушінің 6,3 млн теңге қаражатын иемденіп алған. 

«Бүркіт» арнайы жүйесі арқылы күдіктіге ҚР шекарасынан шығып, кіруге шектеулер қойылып, нәтижесінде азамат Шымкент әуежайынан ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінге тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру