Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда зейнеткердің сөмкесін тартып алған күдікті қолға түсті

Қарағандыда зейнеткердің ішінде құжаттары мен ақшасы бар қол сөмкесін тартып әкеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 19 ықшам ауданда ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден Қарағанды қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция жасағы жіберілді.

76 жастағы жәбірленуші тұрғын тәртіп сақшыларына дәріхананың алдында ішінде 7 мың теңге мен құжаттары бар әмиянын қолына ұстап тұрғанда, белгісіз адам тартып әкеткені туралы баяндады. Зейнеткер тәртіп сақшылары күдіктінің жасы шамамен 25-30 жас аралығында екенін айтып, ерекше белгілерін сипаттап берді.

Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен «ізін суытпай» 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру